Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу өткізді.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстан-ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ ағымдағы жылы аса жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлардың кестесін талқылады.

Қазақстан мен Ресейдің халықаралық ұйымдар және интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.