Елбасы Ә.Исекешевті қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады.

Екеуара әңгімеде Елбасы отандық әскери-өнеркәсіптік кешенді дамыту мәселесіне жіті мән беру керектігін айтты. Ал Әсет Исекешев 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған арнайы Стратегия әзірленгенін жеткізді. Сондай-ақ қазір отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтты.