Н.Назарбаев А.Маминді қабылдады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы саяси кеңес бюросының мүшесі – Қазақстан Премьер-министрі Асқар Маминді қабылдады.

Мұнда «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты партияның сайлауалды бағдарламасына енген жоспарды орындау жайы талқыланды. Асқар Мамин пандемия салдарымен күрес жайында айтып берді. Биыл Үкімет экономикалық өсім көрсеткішін кемі 3 процентке дейін ұлғайту керек. Сондықтан өндіріс, құрылыс пен ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға ерекше мән беріліп отыр.