Сенат сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша заңға енгізілген түзетулерді қабылдады

Сенаттың баспасөз қызметі

Бүгін Парламентте «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» контитуциялық заң қабылданды.

Оның аясында Жоғарғы сотта әкімшілік істер бойынша сот алқасы құрылатын болды. Заң жобасы бойынша фемида өкілі болуға үкіметкерлерге қойылатын талаптар да өзгертіледі. Бұл түзетулер Мемлекет басшысы ұсынған кандидаттарға ғана қатысты болады. «Аталған өзгерістер негізінен инвесторлардың құқығын қорғауға бағытталып отыр», – дейді депутаттар. Енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға осы саладағы құқық бұзушылықтар бойынша іс қозғау құқығы беріледі.

Бұдан бөлек, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен «Жоғарғы соттың мамандандырылған сот алқасы» ұғымын алып тастау мәселесі де қаралды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Бұл заң арқылы Президент ұсынысымен Жоғарғы соттың құрамына тарту мүмкіндігі кеңейтіледі. 1 шілдеден бастап Әкімшілік әділет институты өз жұмысын бастайды. Соның аясында азаматтарды қорғайтын жаңа тетіктер қалыптасады. Оны толықтай қолдану үшін әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрылады. Жалпы осы заңдар сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге және оның тиімділігін арттыруға оң әсерін тигізеді деп сенеміз.