Қ.Тоқаев: Түркі инвестициялық қорын құру маңызды

Түркі инвестициялық қорын құру маңызды.

Бұл Кеңеске мүше елдердің шағын және орта бизнес өкілдері арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізеді. Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Президент кеңестің түркітілдес мемлекеттер арасындағы интеграцияны нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Әрі оның экономикалық бағыттағы жұмысын күшейте түсуге мән берді. Бағдат Әміреев Президентке кеңес жұмысының басты бағыттары мен даму барысын баяндады. Мемлекет басшысына ұйымның алдағы уақытта өткізетін жоғары деңгейдегі іс-шараларына дайындық, Түркі кеңесінің мәртебесін толыққанды халықаралық ұйым деңгейіне дейін көтеру жөніндегі жұмыстар айтылды. Кеңес қызметінің экономикалық және инвестициялық салалардағы маңызды бағыттары талқыланды.

Президент Кеңестің түркітілдес мемлекеттер арасындағы интеграцияны нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, оның экономикалық бағыттағы жұмысын күшейте түсуге мән берді. Осы ретте Мемлекет басшысы Түркі инвестициялық қорын құрудың маңызды екенін атап өтті. Бұл Кеңеске мүше елдердің шағын және орта бизнес өкілдері арасындағы ықпалдастықты дамытуға септігін тигізеді.