433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Канадада Қазақстан күні өтіп жатыр

  • 130
  • UPD: 23:45, 11.03.2021
Канадада Қазақстан күні өтіп жатыр фото: pdac.ca

Торонтодағы пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша PDAC әлемдік көрме-конференциясының аясында бүгін Қазақстан күні өтіп жатыр.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар, ҚР Сыртқы істер министрліктерінің, «Aurora Minerals Group» МК, «Rio Tinto», AIX, «Қазмырыш» АҚ өкілдері шараны онлайн форматта өткізеді. Жыл сайынғы PDAC конференциясы - ағымдағы мәселелер, перспективалық нарықтар, салалық үрдістер және жаңа технологиялар талқыланатын әлемдік тау-кен өндіру саласы үшін жетекші іс-шара. Көрме әлемнің әр бұрышынан инвесторларды, сарапшыларды, тау-кен саласының жетекшілерін, геологтар мен мемлекеттік қызметшілерді тартады.

«Kazakhstan Day» аясында Қазақстанның мемлекеттік органдары мен ұлттық компанияларының өкілдері конференция қатысушыларына еліміздің минералдық ресурстары нарығының болашағы, инвесторлар мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер, заңнамадағы жаңалықтар, сондай-ақ инвесторларды қолдау шаралары мен Қазақстан нарығындағы жұмыс ережелері туралы айтып берді. Конференцияда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев батыс-австралиялық модельге негізделген жаңа заңнаманы іске асырудың қысқа кезеңінде Қазақстанда геологиялық барлау саласында компаниялар дамып келе жатқанын атап өтті. Бірінші кезекте, бұл лицензия алу процесін айтарлықтай оңайлатумен байланысты. Мәселен, 2 жыл ішінде 1200-ден астам жер қойнауын пайдалану құқығы берілді.

Хабар 24 телеарнасы