433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның жаңа елшілері ант қабылдады

  • 259
  • UPD: 14:14, 12.03.2021
Қазақстанның жаңа елшілері ант қабылдады ҚР СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде жаңадан тағайындалған Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерболат Сембаев, Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Болат Сүгірбаев пен Марокко Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Сәулекүл Сайлауқызының салтанатты ант беру рәсімі өтті.

Рәсім барысында елшілер Қазақстанның Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, сондай-ақ Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, деп хаарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шара соңында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді дипломаттарды құттықтап, аккредиттелген елдерімен екіжақты қатынастарды дамыту бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Хабар 24 телеарнасы