ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Қазақстандағы миссиясын аяқтады

ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Қазақстандағы миссиясын аяқтады

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабоны қабылдады.

Кездесу барысында сұхбаттастар халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері мен ұйым аясындағы әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемдердегі одан әрі өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында қолға алынған демократиялық реформалары жеке талқыланды.

Дипломаттар Қазақстан мүдделері тұрғысынан офистің жобаларын ілгерілетуге тараптардың бейілділігін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомствосының басшысы Д.Сабоға еліміздің халықаралық ұйыммен ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасын табыс етті.

Ақпарат көзі: ҚР СІМ баспасөз қызметі