433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

  • 128
  • UPD: 14:58, 17.03.2021
Елбасы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті tobolinfo.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында тараптар бір-бірін алдағы Наурыз мерекесімен құттықтап, дәстүрлі түрде стратегиялық серіктестік, тату көршілік және екі бауырлас халықтың достығы рухында дамып келе жатқан Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қатынастардың деңгейін жоғары бағалады. 

Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев өңірлік күн тәртібінің қазіргі аспектілерін, сондай-ақ алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесін талқылады. 

Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды.

Хабар 24 телеарнасы