Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

***

ҚР Президенті «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

***

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

***

Сонымен қатар Президент «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

 

Заңның мәтіндері баспасөзде жарияланады.