Қазақстан мен Ауғанстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Ауған тарапының бастамасымен Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ауғанстан Сыртқы істер министрі Мохаммад Ханиф Атмармен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Сұхбаттасушылар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашағын, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу мәселелерін талқылады.