Түркі кеңесінің бейресми саммиті видеоконференция режимінде өтеді

Түркістан қаласында 31 наурызға  жоспарланған Түркі кеңесінің бейресми саммиті бейнеконференция режимінде өтеді.

Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. 

Шешім Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Хатшылығына ресми түрде хабарланды. Маңызды кездесудің онлайн форматқа ауыстырылуына эпидемиологиялық жағдай себеп. Жалпы саммитке Кеңеске кіретін барлық мемлекет басшылары мен осы ұйым бақылаушысы Венгрия премьер-министрі қатысады деп күтіліп отыр.

Сондай-ақ...