Президент Владимир Шепельдің туыстарына көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Владимир Шепельдің дүниеден озуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

«Владимир Шепель үлкен кәсіби жолдан өтіп, жауапты қызмет атқарған жылдары лайықты құрметке ие болды. Ол өз өмірін Қазақстан халқының игілігі жолында қызмет етуге арнады. Оның еңбегі мемлекеттік наградалармен және медальдармен өз бағасын алды. Владимир Николаевичтің есімі туыстары мен жақындарының, әріптестері мен достарының жүрегінде мәңгі сақталады», – делінген көңіл айту жеделхатында.

Ақпарат көзі: Ақорданың баспасөз қызметі

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Владимир Шепель өмірден өтті