«Жер сағаты» акциясы кезінде Ақорданың шамдары сөндірілді

Ақорда «Жер сағаты» акциясына қосылды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Бүгін, яғни 27 наурыз күні «Жер сағаты» жаһандық акциясы аясында әлемнің мыңдаған қаласында жарық өшіріледі. Бұл акцияның мақсаты адамдарды жер бетіндегі ресурстарға жанашырлық танытуға шақыру. Осы игі шараны қолдау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін еліміздегі бірқатар ірі нысандардың, соның ішінде Президенттің «Ақорда» резиденциясының сыртқы жарық шамдары сөндіріледі. #EarthHour», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ...