430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркітілдес мемлекеттер саммитінде Түркістан декларациясы қабылданады

  • 150
  • UPD: 15:07, 31.03.2021

Түркістан - түркі дүниесінің рухани астанасы. Ертең өтетін жиынның күн тәртібінде өзекті мәселелер тұр.

Алғаш рет бейнеконференция арқылы өтетін келелі кездесуде Түркі Кеңесінің қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланып, Түркі дүниесіне қатысты өңірлік және халықаралық мәселелер қарастырылмақ. Бастысы, Түркістанға «түркі дүниесінің рухани астанасы» мәртебесі беріліп, жиын соңында Түркістан декларациясы қабылданады. Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық ұйымының атауын өзгерту мәселесі де көтеріледі.

Бағдат Әмреев, Түркі кеңесінің Бас хатшысы:

- Түрік кеңесі толыққанды халықаралық ұйым. Халықаралық ұйымның барлық талаптарына сай келетін құжаттар негізінде құрылған. Мемлекет басшыларының негізін қалаған ұйымға биыл 10 жыл. Ұйымның атауын өзгерту тек техникалық мәселе. Түркі Кеңесі деп аталды. Қазір Түркі мемлекеттерінің ұйымы деп аталады. Бұл шешім күзде Ыстамбұлда өтетін саммитте қабылданады. Өздеріңіз білесіздер, қазір біздің Түркістанда мемлекет басшыларымыздың саммиті болмақ. Бұл саммит өте маңызды. Түркі дүниесінің рухани астанасы статусы Түркістанға беріледі. Ол енді Түркістанның түркі дүниесі үшін маңызды екенін көрсететін жағдай.

Хабар 24 телеарнасы