Н.Назарбаевтың Түркі кеңесінің дамуы үшін қосқан үлесі зор – Қырғызстан президенті

Онлайн өтіп жатқан Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі кеңесінің дамуы үшін қосқан үлесі зор екенін айтты.

«Ежелгі Түркістан қаласы туралы білдік. Аттары алтын әріптермен жазылған Арыстан баб пен Ясауидің тарихтағы рөлі орасан. Ясауи Узкенттен болған, яғни Қырғызстанға да байланысы бар», - деді Садыр Жапаров.

Түркі кеңесі теңізге шығатын мүмкіндігі жоқ мемлекеттер үшін үлкен мүмкіндік екенін айтып өтті. «Түркі әлемі үшін туризм өте маңызды сектор, оған қолдау көрсетілуі керек. Түркі әлемі ең алдымен түркі өркениеті, бұл өзгелерге мәдениет пен тарихымызды көрсетуге мүмкіндік. Біз ортақ мәдениетімізді мақтан тұтамыз. Түркі құндылығын дүниежүзіне таратуымыз керек», - деді.

Сондай-ақ түркі мемлекеттерінің басшылары бірлесе отырып коронавирусты жеңіп шығатынын айтып өтті.