Ердоған Таулы Карабахқа бармақ

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Таулы Карабахтағы Әзербайжанның қарамағына өткен Шуша қаласына бармақ.

Ол бұл жоспарын қасиетті Рамазан айы аяқталған соң жүзеге асырмақ. Бұл туралы Түркі кеңесінің саммитінде айтылды.

«Біз бауырлас Әзербайжанның жанында болуды жалғастырамыз. Таулы Карабахта түркі құндылықтарын қорғай бермекпіз. Бауырларымыз өз жеріне оралуы үшін өңірді аяққа тұрғызу маңызды. Рамазан айынан соң Шуша қаласына барып, сол жерде мерекені атап өтеміз деп үміттенемін», – деді Ердоған.

Қасиетті Түркістанды әлемге танытуға шақырамын – Тоқаев