Қазақстан мен Ресей ерекше қорғалатын аймақтарды дамыту жөніндегі құжатқа қол қойды

Қазақстан мен Ресей ерекше қорғалатын аймақтарды дамыту жайында келісіп, тиісті құжатқа қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бағдарлама 2021-24 жылдарды қамтиды. Оның аясында қос тарап қолдағы бар ақпаратпен бөлісіп, өзара тығыз жұмыс істейді. Марқакөл мен Катун табиғи қорлары арасында ынтымақтастық орнатылады. Екі мемлекеттің мамандары бір-біріне қоныс аударатын жануарлар туралы мәліметтер жібереді. Сондай-ақ Қазақстанның геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев гидрологиялық ахуал жайында ақпаратпен өзара бөлісу қажеттілігін де алға тартты.