Тоқаев: 2021 жыл коронавирустан біржола арылудың жылы болуы тиіс деп санаймын
- 200
- UPD: 16:59, 01.04.2021

Азаматтарымызды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарап, түрлі қауесеттерден аулақ болуға шақырамын.
Президент Қ.Тоқаев бұл туралы коронавирусқа қарсы шаралар жөніндегі жиында айтты.
«Біз, ең алдымен, мына нәрсені түсінуіміз керек: халқымыздың денсаулығы мен материалдық игілігі жаппай вакцинациялауды табысты өткізуімізге байланысты», – деді.
Биыл аталған індеттен біржола арылу үшін бәріміз атсалысуымыз керектігін де алға тартты:
«Биыл – қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бұл жыл пандемиямен күрестегі түбегейлі бетбұрыстың және коронавирустан біржола арылудың жылы болуы тиіс деп санаймын».
Қазіргі ахуал өте күрделі деп айтуға болады – Мемлекет басшысы