Сыртқы істер министрі Мәскеуге жұмыс сапарымен барды

ТМД сыртқы істер министрлері Кеңесінің мәжілісі қарсаңында Мұхтар Тілеуберді Ресей және Қазақстанда елшілік қызметін қоса атқарып жатқан шетел дипломаттарымен кездесті.

Өз сөзінде сыртқы істер министрі Қазақстан шетелдік серіктестерімен ынтымақтастық аясын кеңейтуге үлкен көңіл бөліп, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды ұлғайтуға бар күшін салуға дайын екенін ерекше атап кетті.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР сыртқы істер министрі:

– Қазіргі қиын қыстау заманда біз елімізді жаңғырту стратегиясын жүйелі түрде жүргізіп отырмыз. Бүгінде саяси реформалардың үшінші кезеңі жүзеге асырылуда. Оның аясында қоғамды демократияландыруға бағытталған бірқатар заң қабылданады. Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі – бұл көлік-логистикалық әлеуетін арттыру. Еліміздің әлемнің өзге аймақтарымен байланысын қамтамасыз ету.