Е.Қазыханов Президенттің арнайы өкілі лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысы Е.Қазыхановты жаңа қызметке тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

«Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын», – делінген құжатта.