Жапония Қазақстанның 10 ірі шетелдік инвесторының қатарына кіреді

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапония елшісі Тацухико Касаимен оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай кездесу өткізді.

М.Тілеуберді екі ел арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстардың үдемелі дамуын қанағаттанушылықпен атап өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. Министр жапон тарапына COVID-19 коронавирусымен күресте көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді. Ол Қазақстан мен Жапонияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жеке секторлары және үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысын жақын арада өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Жапония 7 млрд АҚШ долларынан астам сомаға салымдардың жалпы көлемі бар Қазақстанның 10 ірі шетелдік инвесторының қатарына кіреді.