Елбасы ІІ Елизаветаға көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Патшайымы ІІ Елизаветаға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Ханзада Филипптің өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдаған. Жеделхатта «Ол жарқын әрі мағыналы ғұмыр кешті. Сіздің сенімді тірегіңіз болып, ел мүддесі жолында нағыз патриот және халықаралық деңгейдегі біртуар қайраткер ретінде тарихи із қалдырды. Осынау азалы сағатта, Ұлы Мәртебелі, Сізге, отбасыңызға, бүкіл Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің халқына сабыр тілеп, көңіл айтамын» делінген.

Сондай-ақ...