427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Нығматулин: Халықаралық келісімдерді ратификациялаудың уақтылы орындалуы маңызды

  • 144
  • UPD: 11:46, 14.04.2021
Н.Нығматулин: Халықаралық келісімдерді ратификациялаудың уақтылы орындалуы маңызды

Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғызстанның қосылуына қатысты бірқатар түзету енгізетін халықаралық келісімдерді қарады.

Осы ретте Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин халықаралық шарттарды ратификациялау рәсімдерінің мерзімдері кейбір министрліктер тарапынан жүйелі түрде бұзылатынына назар аударды.

Мысалы, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде осы маңызды ратификацияны келісудің мемлекетішілік рәсімдерін өткізу бір жылдам астам уақытқа созылған.

«Пандемия министрліктер жұмысының қарқынын, сапасын және жауапкершілігін төмендетуге себеп болмауы тиіс. Бұл жерде басты мәселе құзырлы министрліктер мен құрылымдардың бірлескен жұмысына байланысты. Жалпы айтқанда, халықаралық келісімдерді уақтылы ратификациялау интеграциялық процестер үшін өте маңызды», - деді Нұрлан Нығматулин.

Ақпарат көзі: Мәжілістің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы