Елбасы Премьер-министрдің есебін тыңдады

Елбасы Үкімет басшысы Асқар Мамин мен оның бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Премьер-министр елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жіпке тізді. Пандемияға қарамастан біраз салада өсім бар дейді. Айталық, өңдеу өнеркәсібі 7,5 процент, құрылыс 13,1 процент, ауыл шаруашылығы 2,8 процент өсім көрсеткен. Осының арқасында биыл ішкі жалпы өнім көрсеткіші де 3,1 процентке жеткелі тұр. Үкімет басшысының есебін тыңдаған Нұрсұлтан Назарбаев қарқынды еселей беру керектігін айтты.