М.Әшімбаев ТМД Парламенттік Ассамблеясының пленарлық отырысына қатысты

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған қазақстандық делегация ТМД Парламенттік Ассамблеясының пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиын Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтті. Мәулен Әшімбаев коронавирус індетінің көші-қон процестеріне тигізген әсеріне тоқталды. Қазақстанда бұл саладағы проблемаларды шешу үшін қабылдаған шаралары туралы айтты. Қазақстан COVID-19 індетінің таралуына тосқауыл қою үшін қазақстандықтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мемлекеттік шекарадан өтуіне байланысты бірқатар шектеулерді қолға алды. Біздің аумақта болған шетел азаматтарына түсіністік танытып, 1 млн 139 мың шетелдіктерге елде болу мерзімін бұзғаны және уақытында Қазақстаннан шықпағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату жөнінде шаралар қабылданды. ТМД-дағы серіктестеріміз және Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйыммен бірлесіп әрекет етудің нәтижесінде біздің еліміз арқылы 35 мыңға жуық шетел азаматы транзитті түрде өткізілді. Сондай-ақ бүгін Сенат Төрағасы Қырғызстан мен Молдова Парламенттерінің өкілдерімен екіжақты кездесу өткізді.