427,14 517.06 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Прагада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған конференция өтті

  • 271
  • UPD: 10:48, 17.04.2021
Прагада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған конференция өтті

Прагада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай онлайн-конференция ұйымдастырылды.

Қазақстан елшілігі мен Ұлттық академиялық кітапхана бастамашы болған шараға Чехия ғалымдары, сарапшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында қазақстандық дипломаттар еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі жетістіктерін баяндады. Өз кезегінде конференцияға қатысушылар еліміздің экономикалық өсу жолына жоғары баға беріп, әлемдік аренадағы саяси рөлін ерекше атап өтті. Сонымен қатар іс-шара барысында екі ел өкілдері Қазақстан-Чехия сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын тілге тиек етті. Кездесу соңында конференция қатысушылары Қазақстан халқын мерейтойлық датамен құттықтап, елімізге өркендеу мен сәттілік тіледі.

Хабар 24 телеарнасы