Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Әкеңіздің жарқын бейнесі жақындары мен барша отандастарының жүрегінде жақсы адам, дана ұстаз және өмірін Отанына қалтқысыз қызмет етуге арнаған шынайы патриот ретінде мәңгілік сақталады. Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, сізге және барша жақын туыстарыңызға осындай қиын сәтте сабыр тілеймін», – деп жазылған жеделхатта.