427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 241
  • UPD: 11:10, 19.04.2021
Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің әкесі Мяликгулы Бердімұхамедовтің өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады. 

«Жақын әрі сүйікті адамыңыздан айырылу орыны толмас қайғы. Сізге және жақындарыңызға сол ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. 

Саналы ғұмырын Түрікменстан халқының игілігіне арнаған әкеңіздің жарқын бейнесі оны білетін адамдардың жүрегінде әрдайым сақталады деп сенемін», – делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы