Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовке бірқатар тапсырма берді

Президент Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде 21 сәуір күні өтетін реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің бесінші отырысының күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, ұлттық жобаларды, оның ішінде, цифрландыру және агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы бағдарламаларды әзірлеу тәсілдері қаралды. Мемлекет басшысына Әлеуметтік кодекске және «жаңадан» реттеу тетіктеріне қатысты ұсыныстар туралы ақпарат берілді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке ұлттық жобалардың тізімін және оларды қарастыру тәртібін пысықтауға қатысты бірқатар тапсырма берді.