Қазақстан-Ресей ынтымақтастығына 30 жыл толды

Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастық орнатқанына 30 жыл болды. Бүгін қос мемлекеттің сарапшылары онлайн форматта бас қосып, осы уақыт аралығында бірлесіп атқарылған жұмыстың нәтижелерін баяндады.

Жиынға қатысқан ғалымдар екі елдің тарихын зерттеудің қажеттілігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ саясат, құқық, мәдениет салаларында жаңа ортақ жобалар жүзеге асатыны айтылды. Конференция қорытындысы бойынша баяндамалар жинағын шығару жоспарланып отыр.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:

- Жалпы 30 жыл дегеніміз 2 елдің арасындағы ынтымақтастыққа, әріптестікке, 2 елдің арасындағы халықаралық қарым-қатынасқа аз жыл емес. Бұл 30 жылдың ішінде екі ел арасында экономикалық, саяси, мәдени, құқықтық негіздердің арқасында көптеген ірі жобалар жүзеге асты.

Сондай-ақ...