ҚР СІМ Ресейде жүрген қазақстандықтарға мәлімдеме жасады

Ресей Федерациясы ІІМ-нің талабына сәйкес Ресейде заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары 15 маусымға дейін елден кетуге немесе Ресей Федерациясында одан әрі болуын заңдастыру бойынша шаралар қабылдауы тиіс.

Заңсыз жүрген азаматтар санатына мүлдем тіркеуге тұрмаған немесе уақытша тіркеуінің, уақытша тұруға рұқсатының (РВП) және тұрғылықты тұруға рұқсатының (ВНЖ) уақыты өтіп кеткен азаматтар жатады. Сонымен қатар заңды негіздер болған жағдайда (жұмыс, оқу және т.б.) қазақстандықтар Ресейден шықпай, елде уақытша болу мерзімдерін ұзарту үшін ІІМ органдарына жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда азаматтарға қатысты жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмайды.

Егер Ресейде болу мерзімін заңды түрде ұзартудан бас тартса және елден өз еркімен кеткісі келмесе, құқықбұзушыларды елден мәжбүрлеп шығару және Ресейге кіруге шектеу қою шаралары қолданылуы мүмкін.

Ақпарат көзі: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ...