429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін салдырды

  • 215
  • UPD: 22:58, 27.04.2021

Елде қазір халық жаппай екпе алып жатқаны белгілі.

Бүгін «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін Қасым-Жомарт Тоқаев та салдырды. Ақорданың баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы өзін жақсы сезінетінін және кесте бойынша жұмысын жалғастырып отырғанын айтты. Президент елімізде жаппай вакциналаудың маңыздылығын атап өткен болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл CОVID-19-ды жеңудің барлық шектеулерді алып тастап, қалыпты өмірге оралудың жалғыз мүмкіндігі екеніне сенімді деді Берік Уәли өз фейсбук парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы