Н.Ермекбаев Тәжікстанда Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты

Әлемде қауіпсіздікке қатысты жаңа сын-тегеуріндер туындады. Мұндайда мемлекеттер мен халықаралық құрылымдардың қызметін үйлестіру маңызды.

Тәжікстанда өткен Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысында осы мәселелер айтылды. Жиынға еліміздің Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қатысты. Басқосуда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери әлеуеті сөз болды. Сондай-ақ  ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының дайындығы пысықталды.