424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шетелге қоныс аударған қазақстандық кәсіби маман саны көбейді

  • 480
  • UPD: 14:26, 28.04.2021

Былтыр шетелге көшіп кеткен отандастарымыздың жартысынан көбі біліктілігі жоғары мамандар.

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Александр Милютин осы мәселені көтеріп, Үкіметке сауал жолдады.

Айтуынша, қоныс аударғандар арасында дәрігерлер, техникалық қызметкерлер мен оқытушылар көп. Жастар да шет мемлекеттерге оқуға кетіп, Қазақстанға қайтпайтын жағдайлар аз емес. Әсіресе көрші Ресейдің жоғары оқу орындары біздің студенттер арасында жоғары сұранысқа ие. Себебі мұндағы университеттер жергілікті азаматтармен қатар қазақстандықтарға да мемлекеттік грант беруден бас тартпайды. Сондай-ақ Ресейде қашықтан оқыту бағдарламалары жақсы дамыған. 

Депутаттың пікірінше, бұл ахуалға елдегі білім беру сапасының төмен болуы мен жұмыссыздық себеп. Қазақстанда еңбек нарығы терең зерттелмей жатыр. Студенттеріміздің білім алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы екіталай. Отандық оқу ордаларында тәжірибеге емес, теорияға басымдық беріледі. Жастарға ипотеканың қолжетімсіздігі және аналық капиталдың болмауы да статистикаға кері әсерін тигізіп отыр. Осы орайда депутат Үкіметтен аталған түйіткілдерді шешуге бағытталған шаралар жайында хабардар етуді талап етті.

Хабар 24 телеарнасы