Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы болды

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚХА құрметті төрағасы болуды ұсынды.

«Сізге, аса құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрметті төрағасы болу туралы ұсынысымызды қабылдауды сұраймын. Бұл мәртебе сізге халқымыз бен мемлекет алдындағы тарихи еңбегіңіздің арқасында тиесілі. ҚХА-ның барлық мүшелері бұл ұсынысты қолдайтынына сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл ұсынысты қабылдады.

«Жаңа міндеттерді қабылдаймын, Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге жұмысымды жалғастырамын. Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіздерге сәттілік тілейміз, ҚХА барлық бастамаларды қолдайды», – деді Елбасы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы өтті.

Айта кетсек, Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы лауазымынан бас тартты.