Ташкентте ТМД елдеріндегі жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы басталды

Екі күнге жалғасатын шарада қазақстандық делегацияны Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов және Қазақстан жастар Конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келелі кеңесте БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын және «ТМД жастар астанасы» мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру бойынша өзара іс- қимыл мәселелері талқыланды. Жиын барысында Асхат Оралов 2021 жылға арналған жаңа бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі ұсыныстарын атап өтіп, қатысушылардың назарын пандемия жағдайында жастардың қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарын өзара тиімді дамытуға аударды. Жалпы вице-министрдің сөзінше, Қазақстанда жоспарланған шаралардың бірқатары жүзеге асырылды. Мәселен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен республикалық волонтерлардың фронт-кеңсесі іске қосылды. Ал пандемия басталғалы мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған қауырт желі де жұмысын бастаған

Асхат Оралов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

- 2020 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес волонтерлер, жалпы «Еріктерлер жылы» деп аталды. Ол да бір шыны керек, ынталандыру процесстерінің бір түрі деп есептейміз. Өйткені Қазақстанда қазір 20%-тен аса халық саны – ол жастар, 28-ге дейін. Сондықтан да жастар саясаты ол Елбасының және де Мемлекет басшысының аса назарында. Өзіміздің тарапымыздан мемлекет ішінде және де осы ТМД мемлекеттері кеңесінің отырысында өзіміздің идеяларымызды, жобаларымызды ұсынып, жоғары деңгейде өткіземіз, ұйымдастырамыз деген ой бар.