429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Парижде Қазақстан мен Франция үкіметаралық комиссиясының алғашқы кездесуі өтті

  • 131
  • UPD: 16:07, 30.04.2021
Парижде Қазақстан мен Франция үкіметаралық комиссиясының алғашқы кездесуі өтті

Бұл ұзақ уақыттан бергі іске асқан шара, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі екі ел арасында экономикалық байланыс індеттен саябырлап қалған еді. Шекараның жабылуы сауда айналымына әсер етіп, былтыр оның көлемі 3 миллиард долларды ғана құрады. Бірақ француз кәсіпкерлерінің біздің нарыққа қызығушылығы бәсеңдемеген. Керісінше, жаңа жобаларды жүзеге асыруға дайын. Егер тараптар бұған дейін көбіне ауыр өнеркәсіп саласында жобаларды жүзеге асырса, енді цифрландыру, баламалы энергия, ауыл шаруашылғындағы әріптестікті жандандыруға ниетті. Париждегі кездесуден кейін француз делегациясы Қазақстанға сапармен келіп, стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңінің жол картасына қол қоюды жоспарлап отыр.

Франк Риестер, Францияның сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық министрі:

- Бізде қалаларды тұрақты дамыту бойынша ынтымақтастық жақсы дамып келеді. Францияның бұл салада ірі компаниялармен бірге шағын және орта бизнесінің тәжірибесі мол. Олар заманауи технологияларды қолданады. Сондықтан бұл салаларда да тиімді серіктестік орнататынымызға сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы