427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтардың Ресейге қай ел арқылы ұшып баруына болатыны түсіндірілді

  • 153
  • UPD: 23:42, 02.05.2021
Қазақстандықтардың Ресейге қай ел арқылы ұшып баруына болатыны түсіндірілді

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына үндеу жасап, Ресей аумағына кіруге болатын рұқсат етілген жолдарды түсіндірді.

«Құрметті азаматтар, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Беларусь арқылы Ресейге осы елдің ықтияр хаты немесе РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен бекітілген тиісті негіздер болған кезде ғана ұшып келе алатынына Сіздердің назарларыңызды тағы аударамыз», - деді министрліктен.

Мәлім етілгендей, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Ресейге келесі елдер арқылы ұшып келе алады: Түркия, Швейцария, Мысыр, Мальдив, БАӘ, Қырғызстан, Корея, Куба, Сербия, Жапония, Сейшел аралдары, Эфиопия, Вьетнам, Үндістан, Катар, Финляндия, Әзербайжан, Армения, Греция, Сингапур, Венесуэла, Германия, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан, Шри-Ланка.

Сондай-ақ ҚР СІМ Қазақстан азаматтары Ресейге келесі жолдармен жете алатынын еске салды:

1) тікелей әуе рейстерімен;

2) тізбесі РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен бекітілген елдер арқылы транзитті әуе рейстерімен;

3) РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен көзделген негіздер болған жағдайда құрлықтық өткізу пунктері арқылы не басқа елдерден келе алады.

Хабар 24 телеарнасы