Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Түрікмен тарапының бастамасы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. 2021 жылы өтетін жоғары және аса жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындыққа ерекше назар аударылды. Өңірлік және халықаралық күн тәртібі бойынша жан-жақты пікір алмасылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухында екіжақты байланыстарды жалғастыруға келісті.