Елбасы Протоколының бастығы ауысты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Әділ Болатұлы Жанзақов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Арслан Момышұлы Дәндібаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Протоколының бастығы қызметінен босатылды.