Қазақстан елшісі Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Н.Пашинянмен кездесті

Қазақстан елшісі Болат Иманбаев Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинянмен кездесу өткізді.

Әңгіме барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар қарым-қатынастар барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқанын, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде елеулі әлеуеті мен өсу перспективалары бар екенін атап өтті. Осы әлеуетті іске асырудың маңызды тетігі сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия болып табылады, оның кезекті отырысы мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланып отыр. Бизнес-байланыстарды жандандыру тұрғысында ол аталған комиссия шеңберінде бизнес-форум өткізу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ тараптар жоғары технологиялар, цифрландыру, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастырды. Елші сұхбаттасушысын Қазақстан тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде кешенді дамуда қолжеткізген жетістіктермен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен экономикалық жаңғырту мен саяси реформалардың жүзеге асырылуының барысымен, мемлекетіміздің негізгі халықаралық бастамаларымен таныстырды.

Ақпарат көзі: ҚР СІМ баспасөз қызметі