426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуроодақ Қазақстандағы саяси реформаларды қолдайды

  • 267
  • UPD: 19:04, 11.05.2021

Еуропалық Одақ Қазақстандағы саяси реформаларды қолдайды. Бұл туралы Қазақстан мен Еуропалық Одақ ынтымақтастық кеңесінің 18-отырысының қатысушылары мәлімдеді. Басқосуға біздің елдің делегациясын Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, ал Еуроодақты Португалияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Агушту Сантуш бастап барды.

Жанат Эрнст, тілші:

- Қазақстан мен Еуроодақ ынтымақтастық кеңесінің отырысы осымен 18-рет өтіп тұр. Бірақ бұл былтыр наурыз айында өткен Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы екі жақты келісімге қол қойғаннан кейінгі алғашқы басқосу. Сондықтан бір жылғы пандемиядан кейін екі жақты серіктестік енді қолға алына бастаған. Жалпы Қазақстан Еуроодақпен Ілгерілеген ынтымақтастық туралы келісімге Орталық Азияда алғаш болып қол қойған мемлекет.

Ал осы басқосуда тараптар екі жақты сауда айналымын ұлғайту мәселелерін талқылап, Еуропалық Одақ аумағына Қазақстанның ауылшаруашылық және балық өнімдерін жеткізу мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар жасыл энергетика, қоршаған ортаны қорғау, білім және ғылым салаларындағы серіктестікті де талқыға салды. Еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ЕуроОдақ-тың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррельмен, Еуропарламенттің халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Дэвид Маккалистермен және Одақтың адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Имон Гилмормен кездесті.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Осы келісімдегі жаңа салаларда екі жақтық әріптестікті нығайту жолдарың талқыладық. Әрине ол тек экономикалық ынтымақтастықпен шектелмейді. Әрине біз бұл кенестің отырысында басқа де жан-жақты мәселелерді қарастырған болатым біз. Әрине ең біріншіден Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өткізіп жатқан демократиялық реформалар туралы және де қазіргі таңда қарастырылып жатқан заңдар туралы хабарлаған болатынмын. 

Аугушту Сантуш Силва, Португалияның сыртқы және Еуропа істері министрі:

- Өте конструктивті әрі нәтижелі келіссөздер өтті. Өткен жыл оңай болмаса да Еуроодақ сауда саласында да, шетел инвестициясында да бірінші серіктес ретінде Қазақстанмен арадағы саяси диалогты нығайта түсті. Бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы Одақтың негізгі сауда серіктесі болып саналады. Сондай-ақ Еуроодақ Қазақстанның өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасын ратификациялауын толықтай құптап отыр. Біз алдағы уақытта да екіжақты қатынасты дамытуға ниеттіміз. Президент Қасым-Жомар Тоқаевтың Брюссельге түсетін ресми іссапарын асыға күтеміз.

Келіссөздер барысында вакцинация мәселесі де назардан тыс қалмады. Ковид індетінен кейінгі ынтымақтастық та кеңінен талқыланды. Оның ішінде Еуроодақта  саяхатшылар үшін енгізілген жасыл сертификат жайында сөз қозғалды.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі: 

- Екі тараптың азаматтары арасындағы байланыстарды нығайту мәселелері де біздің күн тәртібімізде болды. Осыған байланысты ЕуроОдақ елдеріне баратын азаматтарымыз үшін визалық режимді жеңілдету мәселелерін талқыладық. Бұл Еуроодақпен талқылау күн тәртібінде қалады. Біз еуропалық әріптестерімізбен осы тақырып бойынша келіссөздердің басталуын асыға күтеміз.

Жанат Эрнст, тілші:

- Еуроодақ елдеріне келген қазақстандық азаматтар үшін жеңілдетілген виза режимі де Ынтымақтастық Кеңес отырысында негізгі тақырыптардың бірі болды. Жиында Мұхтар Тілеуберді бұл мәселенің маңыздылығын ерекше атап өтті. 

Авторлар: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы