Мемлекет басшысы Жапония премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Жапония арасындағы байланыс беки түсетін болды.

Екі ел ауыл шаруашылығы, цифрландыру, жасанды интеллект және геологиялық барлау салаларын бірлесіп дамытуға ниетті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония премьер-минтистрі Ёшихидэ Суга телефон арқылы сөйлескен еді. Екі ел басшысы жасыл экономиканы да бірлесіп дамытуға болатынын айтады. Жапония – Қазақстанның стратегиялық серіктестерінің бірі. Тап қазір біздің елде 50 бірдей жапон компаниясы жұмыс істейді. Қасым-Жомарт Тоқаев осы байланысты одан әрі дамыта беру керектігін айтты. Одан бөлек, жапон басшысын Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.