М.Тайжан жер туралы заңға қатысты пікір білдірді

Жерді шетелдіктерге жеке меншікке және жалға беруге тыйым салатын заңға 2016 жылдан бері мораторий жарияланған еді.

Уақытша шектеудің аяқталар мерзімі де жетті. Бүгін Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салу заңына қол қойғаны қоғамды да елең еткізді. Еліміздің жер ресурстарын басқару комитеті президент саяси шешім қабылдады деді. Ал жер комиссиясының мүшесі, қоғам белсендісі Мұқтар Тайжан осы орайда өз ойын білдірді.

Мұхтар Тайжан, қоғам қайраткері:

- Президент Тоқаев мырза өз шешімімен мына мәселені жауып тастап отыр. Ол халықтың үлкен жеңісі деп білемін. Баршаңызды құттықтаймын. Енді мына ауылшаруашылыққа арналған жерлер, яғни Қазақстан территориясының 80 проценті шетелдіктерге және шетел азаматтарына және де Қазақстанның заңды тұлғаның кез келген жерде шетелдіктердің үлесі болса ондай заңды тұлғаларға сатылмайды не жалға берілмейді.

Гүлжахан Бимендина, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары:

- Жеке меншікке еш уақытта жер берілген емес. Сондықтан жер учаскесін жалға беруге тыйым салынған болатын. Ол мараторий айта кететін болсақ 31 желтоқсанда 21 жылы аяқталу керек болатын. Алайда осы ұлттық кеңестің 5-отырысында өзіміздің еліміздің президенті саяси шешім қабылдаған болатын.

Сондай-ақ...