Нұрсұлтан Назарбаев Алтай Көлгіновті қабылдады

Елорданы газдандыру, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік-мәдени нысандардың салынуы мен қоғамдық көлік тасымалы.

Бұл мәселелерді бүгін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев бас қаланың әкімі Алтай Көлгіновпен талқылады. Шаһар басшысының айтуынша, тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді. Биыл 10 мың пәтер пайдалануға беріледі. Сондай-ақ 16 мектеп салынады. Онда 42 мың оқушы білім алады деп жоспарланып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл белдеу» жобасының жүзеге асырылу барысымен де танысты. 2012-2020 жылдар аралығында аталған аумаққа 3 млн 174 мыңнан астам ағаш отырғызылған. Келер жылы тағы 900 мыңы егіледі. Қала ішінде жаңадан 100 мың түп ағаш пайда болады.