Қазақстанның Пәкістандағы елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сансызбайұлы Қыстафин Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Юрьевич Волков Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.