427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Страсбургте Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

  • 122
  • UPD: 15:43, 18.05.2021
Страсбургте Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

Еуроодақтың негізгі орталықтарының бірі – Страсбург қаласында Қазақстанның Бас консулы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін Еуропа кеңесі орналасқан бұл шаһарда елдің дипломатиялық миссиясы Кәрі құрлықтың осы құзырлы органымен ынтымақтастықты дамытып келген. Алайда өзара серіктестік ауқымының кеңеюіне байланысты дипломатиялық өкілдігімізді күшейту қажет болды. Сонымен қатар жылдан жылға Францияның ең дамыған өңірлерінің біріне оқуға келетін қазақстандық студенттердің саны артып келеді. 

Бьёрн Берге, Еуропа кеңесі бас хатшысының орынбасары:

- Еуропа және Қазақстан арасында түрлі бағытта ынтымақтастық ауқымын кеңейтетін жаңа платформа пайда болды деп санаймын. Бас Консулдығыңызбен осы жұмысқа кірісіп кетеміз деп күтемін.

Жан-Люк Боль, Үлкен Шығыс өңірі кеңесінің бірінші вице-президенті

- Екі ел – Франция мен Қазақстан арасындағы достықтың осы сәтіне қатысып отырғаныма өте ризамын. Үлкен Шығыс өңірі мен Қазақстан өңірлері арасында ынтымақтастықты дамытудың болашағы зор деген үміттемін.

 

Хабар 24 телеарнасы