Асқар Мамин жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

Премьер-министр Асқар Мамин Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. Онда Үкімет басшысы энергетика, машина жасау, металлургия өнеркәсібі және құрылыс материалдары өндірісі салаларындағы инвестициялық жобалармен танысты.

Үкімет басшысы Президенттің Екібастұз қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары жөніндегі тапсырмасының орындалуын тексерді.  Құжат экономиканың нақты секторын дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту, экологиялық проблемаларды шешу бойынша 118 іс-шараны жүзеге асыруды көздейді. Бұл үшін 932 млрд теңге қарастырылған, оның 84 проценттен астамы жеке инвестициялар. Бұдан бөлек Асқар Мамин Екібастұз жылу электр станциясын аралады. Сонымен қатар Премьер-министр бірнеше кәсіпорынға барып, олардың жұмысымен танысты.

Иван Дычко, «R.W.S.Wheelset» ЖШС директорының орынбасары: 

- Қазір біздің өндірістік қуатымыз 20 мың дөңгелек жұбы және 42 мың «теміржол сүйегі». 2021 жылға арналған өнідірістік жүктемеміз бар. Ол 14 мыңнан астам дөңгелек жұбын өндіру. Биылға арналған жоспар бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Өнімдер жөнелтіліп жатыр. Біздің әлі де қосымша әлеуетіміз бар. Тағы тапсырыс алып, оларды жүзеге асыра аламыз.