Елбасы төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді

Күн тәртібінде екі мәселе қаралмақ: Қарулы Күштерді құру және дамыту тұжырымдамасы мен шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Айта кетейік, Өткен аптада кеңес төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі Әсет Исекешев пен Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдап, жиында талқыланатын сұрақтарды пысықтаған болатын.